2022 жылы Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің жалақысы екі рет көтерілген болатын. Осылайша, былтырғы өсімді есепке алғанда, жалақының жалпы өсімі 100 пайыздан астам мөлшерді құрады.
Адами капитал – ел экономикасының өсуі мен тиімді жұмыс істеуінің ең маңызды факторы. Біз қызметкерлеріміздің ел игілігі жолындағы еңбегі баға жетпес екенін және сол үшін тиісті бағасын алу керектігін түсінеміз. Сондықтан қазіргі уақытта біз корпоративтік функцияларды орталықсыздандыру бойынша жобаны іске асырып жатырмыз. Бұл филиал қызметкерлеріне сыйақыны дербес төлеуге мүмкіндік береді, – деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
Осылайша, Мемлекеттік корпорация бірқатар корпоративтік функцияларды жеңілдетіп, филиалдардың шешім қабылдауда жауапкершілігі мен дербестігін арттыра алды. Негізгі мақсаттардың бірі – үнемделген қаражаттан филиал қызметкерлеріне берілетін сыйақы төлемдері үшін шығындарды оңтайландыру. Олардың мөлшері филиал басшылығы деңгейінде анықталатын болады. Бұл жұмысшыларды тиімді жұмыс істеуі үшін сыйақымен қолдаудың қосымша құралы болып есептеледі.
Айта кетсек, қазір Мемлекеттік корпорацияда 22 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Бұл еліміз бойынша 20 филиал, 327 фронт-офис және 671 бэк-офис, 33 мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жалпы саны.