Алматыда қатты желден ағаштар құлап, бірнеше аудан жарықсыз қалды

Алматыда қатты желдің салдарынан бірнеше аудан жарықсыз қалды. "Алатау жарық компаниясы" АҚ-ның мәліметінше, қатты желден кейбір аудандарда ағаштар құлап, электр тарату желілері зақымданған.

"Жамақаев, Шукшин, Гагарин, Жароков, Әуезов, Жамбыл, Төле би, Шолохов, Сейфулин көшелері электр қуатынан ажыратылды", – делінген хабарламада.

"Алатау жарық компаниясы" АҚ сайтында жарықсыз қалған аумақтардың картасы жарияланды. Электр қуаты екі сағат ішінде қалпына келтіріледі деп күтілуде.