Қарағанды облысында құны 12 млн теңгеге жуық мұнай өнімін ұрлағандар ұсталды

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қарағанды облысында құны 12 миллион теңгеге жуық болатын мұнай өнімін жымқырған ауыл тұрғындары ұсталды, – деп хабарлады Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне мұнай өнімдерін көтерме жеткізумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылығы арызданды. Белгілі болғандай, аталған серіктестік жанар-жағармай сату станциясымен мұнай өнімдерін сатып алу келісімшартына қол қойған. Бухгалтерлік есеп-қисап жүргізу барысында 11 миллион 893 мың теңге ақша жетіспеушілігі анықталған», – делінген хабарламада.

Аталаған іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы және 40 жастағы ауыл тұрғындары ұсталды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.