LRT пойыздарын қандай зауыт құрастыратыны белгілі болды

Техникалық құжаттамаға сәйкес, жобада E-60 рельстері пайдаланылады.

«Астана LRT» жобасына арналған пойыздарды вагон құрастыратын қытайлық «CRRC Tangshan Co.Ltd» компаниясы жасайды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдегендей, LRT пойыздарын жасайтын аталған компания Қытайда жетекші кәсіпорындардың бірі саналады.

«Жылжымалы құрамның қуаты – сағатына 115 киловатт, ең жоғары сыйымдылығы – 600 адам. Оны автоматты басқару үшін «GoA 4» технологиясы қолданылады. Бұл басқару жүйесі электр қуатымен жұмыс істейді», – делінген «ҚазАқпарат» тілшісінің сауалына берілген елорда әкімдігінің жауабында.

Техникалық құжаттамаға сәйкес, жобада E-60 рельстері пайдаланылады. Әкімдік мәліметінше, бұл еуропалық стандарттарға сай келеді.