БҚО-да 64 жастағы ер адам алтыншы қабаттан секіріп кетті

Оқиға 25 шілде күні болған.

Оралда 64 жастағы ер адам 6-қабаттан секіріп мерт болды, – деп хабарлады БҚО Полиция департаментінен.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 25 шілде күні 4-шағынауданда болған.

«Сағат 22.20-да 3-үйдің кіреберісінен 1959 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Марқұм 6-қабаттан секіріп, өз өмірін қиған. Ол гипертония диагнозымен есепте тұрған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», – деп хабарлады ведомстводан.