"Тобыл" Швейцарияда сенсация жасады

Қостанайлық клуб бұған дейін 2006 жылы UEFA кубогы бірінші іріктеу сатысында «Базель» клубына (1:3, 0:0) жол берген

Қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында швейцариялық «Базельді» жеңіп, сенсация жасады.

Матч 27 шілде күні кешке Базельдегі Сент-Якоб-Парк стадионында өтіп, 1:3 есебімен аяқталды.

25 минутта алаң иелері гол соғып алға шықты. 1:0 есебімен командалар үзіліске шықты. Бірақ Базель ойыншылары бұдан артық гол соға алмады.

Екінші кезеңде «Тобыл» командасы таразы басын теңестіруге ұмтылды. Ойынның 57-минутта қостанайлық клубтан Серж Дебле пенальтиді шебер орындады.

Одан кейін Рамазан Оразов - 62, Ислам Чесноков - 71-минутта басымдықты арттырды.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.