Қостанайда такси жүргізушісі жолаушысын пышақтады деген күдікке ілінді

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қостанайда такси жүргізушісі клиентін пышақтады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды alau.kz.
 
"Бүгін орталық базар аумағынан пышақ жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілді. Бұл факт тіркелді. Жүргізілген тексерулер барысында полицейлер зардап шегушіге такси жүргізушісі пышақ жарақатын салғанын анықтады. Жәбірленуші мен такси жүргізушісі арасында жанжал шыққан", – делінген Қостанай облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
 
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін шаралар қолданылып жатыр.