Батыс Қазақстанда қатты дауыл үйдің шатырын жұлып кетті

Батыс Қазақстанда қатты дауылдан ағаштар құлап, көлік пен үйді қиратып кетті, – деп хабарлайды Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Дауылдың салдарынан бір көлікті ағаш басып, бір үйдің шатырын жұлып кетті.

"29 шілдеде сағат 15:54-те Орал қаласыдағы Гагарин көшесінде ағаш құлап, көлікті басып қалды. Жүргізуші көлік ішінде қалып қойған. Сондай-ақ Теректі ауданы Подстепный ауылында қатты дауыл бір қабатты төрт пәтерлік үйдің шатырын жұлып кетті", – дейді ведомство.

Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

Сурет - Sputnik Қазақстан