БҚО-да үш жасар бала шұңқырға түсіп кетті

Оқиға 27 шілде күні сағат 21:00 шамасында болған.

Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары Оралда шұңқырға түсіп кеткен үш жасар баланы аман алып қалды, – деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 27 шілде күні сағат 21:00 шамасында болған. Қонаев ықшамауданындағы №51 үйдің ауласында құтқарушылар шұңқырдан үш жасар баланы алып шықты.

Куәгерлердің айтуынша, бала аулада ойнап жүрген кезде ойыншығы трансформатордың жанындағы шұңқырға түсіп кеткен. Соны алмақшы болғанда баланың қолы кептеліп қалды. Жанынан өтіп бара жатқан көршісі жедел жәрдем шақырған.