Атырауда аутизм және сал ауруына шалдыққан балалар үшін тегін түзету орталығы ашылады

Бұл ерекше балаларға арналған Атыраудағы алғашқы түзету орталығы.

Атырауда аутизм және сал ауруына шалдыққан балалар үшін тегін түзету орталығы ашылады. 

Бұл ерекше балаларға арналған Атыраудағы алғашқы түзету орталығы. №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының базасында ашылатын күндізгі стационарға бір уақытта 30 бала жүгіне алады.

«Жаңа орталықта аутизм диагнозы қойылған және церебральді сал ауруына шалдыққан, тірек-қимылы бұзылған балалар тегін ем алады. Мамандар балалармен жеке-жеке жұмыс жасайды. Белгіленген уақыт бойынша әр балаға 3 сағат бөлінеді. Оларға әзірге 45 күндік ем-шара курсын жоспарлап отырмыз, - дейді №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы Анар Маратова.

Белгілі болғанындай, орталық мамандары қайта даярлаудан өткен. Алдағы уақытта, қажеттілік туындаған жағдайда қосымша штаттар  ашылады.

Баян Жанұзақова