Астанада газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті

5 тамызда Астананың Алматы ауданы Сарын көшесінде газ баллоны жарылды.

Астаналық өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен соң қазандық бөлмесінде газ-ауа қоспасының өршігенін анықтады.

"Газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуінен үш адам зардап шекті: ер адам және екі бала. Олар ауруханаға жатқызылды.

Алдын ала себеп бойынша, газдың ағып кетуіне байланысты, электр қуатын тағы бір қосу процесінде газ-ауа қоспасы пайда болған", - деп жазды ТЖМ.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға газ баллондарын пайдалану ережелерін қатаң сақтауды және тек лицензияланған қызмет көрсету стансаларында жанармай құюды ескертті.