Шымкентте каналдан ата-анасының қарауынсыз қалған екі сәбидің мәйіті табылды.
Қаратау ауданы Геологтар саяжайындағы канал суынан 2 жасар бүлдіршіннің мәйіті табылды. Тереңдігі 50 см, ені 1,5 метр болатын суару каналына түскен тұрғындар 2021 жылы туған баланың денесін судан алып шықты.
Екінші жазатайым оқиға Абай ауданының Алматы тасжолы бойында болған. Көшеден өтіп бара жатқан адамдар қалалық тазарту жүйесінен бір жастағы қыздың мәйітін көріп қалған. Тазарту жүйесінің тереңдігі 40 см, ені 1 метрді құрайды.
«Екі жағдайда да бүлдіршіндер ата-анасының қарауынсыз қалған. Сондықтан ата- аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеміз», – делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Фото: Шымкент ТЖД баспасөз қызметі