Мінсіз мүсінін көрсеткен Жарқынай Ханайым желі қолданушыларынан су жаңа суреттеріне баға беруін сұрады. Актриса оқырманның теріс пікіріне де дайын болған сияқты.
“Ал, қандай пікірден бастаймыз”, – деп жазба қалдырды өнер иесі.
Желі қолданушылары өз кезегінде образдың тым ашық екенін айтып, сынап тастады.
“Ажырасқан әйелдер неге осылай шешініп, қуып кетеді?”, “Кимей-ақ түспедің бе?”, “Жараспайды, ерсі екен”, “Шешіне бастапты ғой”, “Ұялмайсың ба?”, “Хайп жетпей жатыр ма?” деп пікір қалдырды желідегілер.
Айта кетейік, Жарқынай Ханайым 2016 жылы белгілі продюсер Баян Алагөзованың тәлімгерлігінде болған. Төрт жылдан кейін тележүргізуші Аша Матайдың туған ағасы актер Айдар Асқарбек актрисаға үйленуге ұсыныс жасады. Алайда неке сәтсіз аяқталып, ерлі-зайыптылар ажырасып кетті. Жарқынай Ханайым Айлана есімді қызды тәрбиелеп отыр.