ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 9 тамыз сағат 18.35-те жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 359 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасты.
Тербелістің энергетикалық санаты – 10.1.
MPV магнитудасы –4.2.
Тереңдігі – 15 шақырым.
MSK-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.