"Қызғаныштан жанжалдасқан": Алматыда әйелді өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды

47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен деген күдікке ілінді.

Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. 

47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.