15-17 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

15-17 тамыз аралығында Қазақстанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн жылынатынына қарамастан, көптеген өңірде жаңбыр жауып, жел күшейе түседі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, 15-17 тамыз аралығында Қазақстанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

Көптеген ауданда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Алайда оңтүстік облыстарда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Осылайша республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды. Тек батыс аймақтарда аптап ыстық аздап басылатын болады.

Фото: thepearldayspa.com