Нұр-Сұлтандағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2020 жылдағы Әдеп жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті, – деп жазады «Қазақпарат». Жиында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытына, яғни сегіз сағаттан аса жұмыста болуына байланысты мәселе қаралды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев: «Бұл – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзіретіндегі мәселе. Әр еңбек шартын осы министрлік қарайды. Біз мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғау үшін аталған министрлікпен меморандумға қол қойып, сол арқылы жұмыс істеудеміз. Сегіз сағаттық жұмыс уақытын жүйелелі пайдалану мәселелерін қарастырамыз», – деді. Оның айтуынша, Әдеп жөніндегі комиссия отырысы бірінші рет өтіп отыр. «Сенбі күні министрліктерде, тіпті Премьер-министрлігінің кеңсесінде жұмысқа шығып жатқандарды көруге болады. Егер мемлекеттік қызметші сенбі, жексенбі күндері жұмысқа шығатын болса - оларға қосымша ақы төленуі керек немеме алдағы уақытта қосымша демалыс күндері берілуі керек. Бүгін осы мәселені қарап, бұйрықтарға сәйкес шешім қабылдаймыз. Қажет болған жағдайда басшыларын әкімшілік немесе басқа да тәртіптік жазаға тартылады», – дейді ол.