Құны 288 миллион теңгеден асатын мемлекет мүлкін ұрлаған экс-шенеунікке қатысты тергеу аяқталды

Қазір аталған азамат коммуналдық кәсіпорынның қызметкері емес.

Жезқазған қаласында орналасқан құбырдың 13 мың метрден астамын ұрлады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті аяқтады.

Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды.

Ұрлық фактісін анықтау кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған.

Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған. 

 

Фото: nur.kz