Ақтөбеде ер адам жол апатына түскен жүргізушіге көмектесем деп қаза тапты

46 жастағы ер адамды басқа көліктің жүргізушісі қағып кеткен.

Ақтөбеде жол апатынан кейін жүргізушіге көмектеспек болған ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, 18 тамыз күні Сhevrolet Lanos автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе - Родниковка автожолымен жүріп келе жатып, Ақшат ауылы маңында жолдан өтіп бара жатқан жылқыға соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушіге көмек көрсету үшін екінші көліктің 46 жастағы жолаушысы жүгіріп келген. Осы кезде басқа Nissan Note Hybrid автокөлігінің жүргізушісі жолда жатқан жылқыға соғылып, қозғалыс бағытын өзгертіп, көмекке келген ер адамды қағып кеткен.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.