Үкімет басшысы Қарағандыдағы шахтада қаза тапқандардың жақындарымен кездесті

Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасы мүшелерімен кездеседі, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізеді.

Шахтинск қаласында Премьер-Министр бірінші кезекте кеншілердің бірі – Артур Халиковтың анасымен және жұбайымен сөйлесті, кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов өткен жылдың қараша айында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан Арман Қашкейдің жұбайымен кездесті.