Грек-рим күресінен Исхар Курбаев әлем чемпионатында алтын алды

Исхар алғашқы белдесуінде түрік Эмре Мутлудан, одан кейін түрікмен Абдували Рахимбаевтан басым түсті.

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен Исхар Курбаев чемпион атанды.

Жетісу облысының өкілі 55 келі салмақта финалда әзербайжандық Фарид Садихлимен сынға түсті. Белдесу барысында жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Исхар алғашқы белдесуінде түрік Эмре Мутлудан, одан кейін түркімен Абдували Рахимбаевтан басым түсті. Ал жартылай финалда қырғыз Нуристон Суйоркуловты жеңді.