Өзекті мәселе – кезекті брифинг

Сайлауалды бағдарламалар орындалып жатыр ма? Ха­лықтық мәселелердің шешімін табу үшін депутаттардың жұмысы қай деңгейде жүріп жатыр?

Осы сұрақтарға жауап беру мақсатында  «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы әр апта сайын жергілікті мәслихат депутаттарымен брифинг ұйымдастыруда.

Бұл жолы журналистер Түр­кі­стан облысы мәслихатының де­пу­­таттары Бегімбет Байғараев пен Мағауия Тұрысбековпен кез­десіп, сауал жолдады. Депу­тат­тар алдымен өздеріне жүк­тел­ген мәселелер бойынша баян­дама жа­сап, атқарылған жұмыстарына есеп берді. Одан соң Созақ ауда­ны­нан сайланған депутаттарға БАҚ өкілдері теріскейдегі проб­ле­­­малар бойынша сауал жолдады. Ау­данда көгілдір газ – ең бір өзек­ті проблема. Табиғи газдың жоқ­ты­ғынан бұл аймақта сексеуіл қо­­ры азайып барады. «Қазір ау­дан жұр­тын газдандыру ісі бойын­ша нақ­ты іс-шаралар жүріп жатыр. Бұйыртса, келер жылы тұрғындар кө­гілдір газға қосылады», – деді де­путаттар. 

Сондай-ақ 5 елді мекенге са­па­л­ы ауызсу тарту үшін 2 млрд 

800 млн теңге қаржы қарас­ты­рыл­ған. Бұл қаражатқа Қарабұ­лақ, Балдысу, Басбұлақ, Сызған жә­не Саржаз елді мекендеріне тір­шілік нәрі жеткізіледі деп кү­тілу­де. Жол азабын жүрген біледі демек­ші, Құмкент – Шолақ­қор­ған тасжолы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Келер жылы жол құ­­­­рылысы аяқталып, жолау­шы­лар жол азабынан құтылады. Жал­пы, Түркістан облыстық мәс­ли­хаты биыл 4 сессия өткізген. Ай­та кетейік, алдағы уақытта да бар­лық деңгейдегі мәслихат де­путаттарының баспасөз мәжілісі кес­теге сәйкес жалғасатын бо­лады.