Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді

Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді, – деп хабарлайды Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

«Құрметті қонақты елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды», – деп жазды ақпарат көзі.

Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.