Дәрігерлерге берілетін грант саны көбейді

2023 жылы гранттар саны 70%-ға, яғни 1500-ден 2500-ге дейін өсті.

Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артатынын айтқан болатын. Осылайша, 2023 жылы гранттар саны 70%-ға – 1500-ден 2500-ге дейін өсті. Бұл туралы Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде, негізгісі:

Акушерлік және гинекология – 214

Анестезиология және реаниматология – 200

Неонатология – 119

Терапия – 115

Жалпы хирургия – 98

Неврология – 92

Психиатрия – 88

Оториноларингология – 83  

Кардиология – 78

Офтальмология – 66

Жұқпалы аурулар – 63

Травматология-ортопедия – 62

Эндокринология – 55

Қалғандары – 1167.

Фото: kaz.globalnews.kz