• Түркияның жоғары білім беру жүйесі 207 жоғары оқу орны, 8 миллионнан астам білімгер және 180 мыңнан астам профессорлық-оқытушылық құрамымен Еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі жетекші ел болып табылады. Осындай артықшылықпен қатар, білім беру мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған құрылымдық өзгерістер бойынша зерттеулер қарқынды түрде жалғасуда.
1981 жылы құрылған Жоғары білім беру кеңесі (YÖK) барлық жоғары оқу орындарын бір шаңырақ астына жинап, білім сапасын арттыруға күш салды. Бүгінгі таңда YÖK негізінен жоғары білім берудегі стратегиялық жоспарлауға, университет аралық үйлестіруге жауапты және осы тұрғыда зерттеулерін жүргізуге бағытталған.
Еуропаға жол ашылады
Жоғары білім кеңесі жоғары білім берудегі интернационалдандыруды болашаққа инвестиция деп санайды; білімгерлер, академиялық қызметкерлер және корпоративтік мүдделі тараптар үшін тұрақты процесс идеясын жалғастыруда. Соңғы бірнеше жылда түрік жоғары білім беру жүйесіне енгізілген халықаралық білімгерлердің саны айтарлықтай өсті. Түркияда оқуды таңдаған халықаралық біоімгерлер әртүрлі салаларда еуропалық стандарттарда білім алу мүмкіндіктеріне ие болады. Екінші жағынан, Еуропалық несие беру және жинақтау жүйесі белгісін (ECTS Label) алған елдер арасында Түркия 2009 жылдан бері , Еуропалық жоғары білім аймағы (EEA) елдері арасында әрқашан бірінші орында болды. Білімгерлердің білімін аяқтаған кезде алатын дипломдары бүкіл Еуропада танылып қана қоймайды, сонымен қатар олар үшін әлемнің көптеген жетекші елдерінде есік ашатын маңызды мүмкіндік болады.
Жоғарғы Оқу Орындары
Ұйымы (YÖK) Директоры
Профессор Ероль Өзвар
Университет бөлімдері
YÖK-ке қарасты жоғары оқу орындары мен оқу бөлімшелерінің түрлері мынадай:
Факультет: Жоғары деңгейлі білім беретін, ғылыми зерттеулер және баспа (жарияланымдар); басқа да бөлімшелерді қосуға болатын жоғары оқу орны. Білімгерлер кемінде төрт жылға созылатын білім беру бағдарламасын аяқтап бакалавр дәрежесін алады.
Институт: университеттер мен факультеттерде бір емес бірнеше ұқсас және сабақтас пәндер бойынша жүргізетін жоғары оқу орны. Институттар; магистратура мен докторантураны дәрежесін береді.
Төрт жылдық жоғары білім: Белгілі бір мамандық бойынша білім беру мен оқытуға бағытталған және кемінде 4 жыл жұмыс істейтін жоғары оқу орны.
Консерватория: Музыка және орындаушылық өнер бойынша әртістерді даярлайтын және оқу мерзімі 4 жылдан кем емес жоғары оқу орны.
Кәсіптік мектеп: Белгілі бір мамандық бойынша білім беру мен оқытуға бағытталған және 2 жылдық білім беруді ұсынатын жоғары оқу орны.
Ғылыми-қолданбалы орталық: жоғары оқу орындарында білім беруді қолдау мақсатында әртүрлі салалардың қолданбалы қажеттіліктері мен кейбір кәсіптерді дайындау және қолдау іс-шаралары үшін білім беретін, тәжірибе және зерттеулер жүргізілетін жоғары оқу орны.
Жаңа бастамалар және қолдау бағдарламалары
Халықаралық білімгерлерге арналған YÖK шәкіртақысы Түркия үкіметі халықаралық білімгерлерге береді
Түркия стипендияларынан (Türkiye Bursları) басқа, YÖK 2016 жылдан бастап бөлек шәкіртақылық бағдарламаны бастады. Жоғарыда айтылған шәкіртақы бағдарламасы Жоғары білім беру кеңесімен хаттамаға және/немесе өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған елдерде қол жетімді.
Бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлеріндегі халықаралық студенттерге арналған. Қол қойылған хаттамалар аясында дос және бауырлас елдердің ғылыми кадрларын даярлауға қолдау көрсетеді.
YÖK шәкіртақысы жоғары оқу орындарында оқып жатқан шетелдік білімгерлерге берілуде.
2023 жылы 13 елден 236 білімгер стипендиямен қамтамасыз етілді. Білімгерлердің ай сайынғы шәкірақысын, мемлекеттік жатақхансында тұру ақысын, жалпы медициналық сақтандыру төлемдерін және университеттің оқу ақысын YÖK қамтамасыз етуде. Қазіргі уақытта YÖK, т.б. елдермен серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін қарастыруда.
YÖK халықаралық ғалымдарды қолдау бағдарламасы (YÖK International Fellowship Programme): Жоғары білім беру жүйесін сапа және сан жағынан халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында; Академиялық үлгерім бойынша университет рейтингі (URAP), Times Higher Eucation (THE), Әлемдік университеттердің академиялық рейтингі (Шанхай) және Дүниежүзілік университеттер рейтингі (QS) жасаған әлемдік университеттер рейтингінде соңғы 3 (үш) жылда үздік 700-дің қатарына енген. Шетелдік докторанттарын немесе докторантурадан кейінгі зерттеушілерін Түркияға әкелу мақсатында 2023-2024 оқу жылынан бастап Халықаралық ғалымдарға арналған «YÖK қолдау бағдарламасын іске асырдық. Осы бағдарлама аясында дайындалған Халықаралық зерттеуші жобасына сәйкес, YÖK белгілейтін шетелдегі жоғары оқу орындарының Османлы тарихы, жалпы түрік тарихы, түркология, түрік тілі мен әдебиеті немесе түрік мәдениеті салаларында докторантурада білім алып жатқан 5 шетелдік білімгерге және осы салалар бойынша соңғы екі жылда докторантурасын аяқтаған 10 шетелдік білімгерге Түркия университеттерінде ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріледі.
Eurostudent жобасы
Түркия 2007 жылы жобаның үшінші кезеңінен бастап қатысқан Eurostudent жобасы- еуропалық ауқымда жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық деңгейде білімгерлер арасында сауалнама жүргізу арқылы Еуропадағы білімгерлерлің әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау, өмір сүру жағдайларын білу және халықаралық салыстырмалылық сенімді деректерді жинау, бұл ақпаратты талдау және салыстыру және оны қатысушы елдердің тиісті мекемелеріне ұсыну, оларға білім беру саясатын анықтауға және/немесе қолданыстағы саясатын жақсартуға көмектесу.
Eurostudent жобасының сегізінші кезеңі әлі де жалғасуда. Жоба Анадолу университеті YÖK атынан жұмыс істейді.
Эрасмус+ бағдарламасы
Еуропалық жоғары білім кеңістігінің бөлігі болып табылатын Түркияның жоғары білім жүйесі Эрасмус алмасу бағдарламасының ең белсенді қолданушыларының бірі. Білімгерлер, оқытушылар, интерндер және әкімшілік қызметкерлер Эрасмус алмасу бағдарламасы аясында, 2004 жылдан бері 70 мыңға жуық оқушы елімізге білім алу мақсатында келген, 190 мыңнан астам оқушымыз ЕО-ға мүше елдерге бір немесе екі семестр бойы шетелде білім алды.
Түркияда білім алу
lYÖK халықаралық білімгерлерді Түркияның жоғары білім жүйесі туралы ақпараттандыру үшін құрған веб-сайт (www.studyinturkiye.gov.tr/). Осы сайтта әзірленген іздеу жүйесі арқылы студенттер білім беру тіліне, түріне, қаласына немесе оқу саласына сәйкес өздеріне ең қолайлы университетті таңдай алады. Түрік жоғары білім беру жүйесі туралы жалпы мәліметтермен қатар, шәкіртақылар, халықаралық білімгерлердің тәжірибелері, өмір сүру жағдайлары, түрік мәдениеті сияқты түрлі мәліметтер де бар. Веб-сайт 3 тілде, түрік, ағылшын және араб тілдерінде қызмет көрсетеді.
Шарттары қандай
Шетелдік білімгерлер түрік университеттеріне қалай тіркеледі? 2023 жылдың қаңтар айынан бастап шетелдік студенттерді қабылдау емтиханы (TR-YÖS) түрік, неміс, араб, француз, ағылшын және орыс тілдерінде ÖSYM өткізеді. Бұл емтихан нәтижелерін шетелден студенттерді қабылдау кезінде пайдалану YÖK тарапынан жоғары оқу орындарына ұсынылады.
Дегенмен, әр университет өз критерийлерін белгілейді. (ұлттық және халықаралық емтихандар, орта білім дәрежесі, орташа балл және т.б.). Жыл сайын алынатын оқу ақысының ең төменгі және ең жоғары мөлшері Президенттің қаулысымен белгіленеді. Университеттер әр факультет үшін оқу ақысын өздері белгілейді.
Құрылтай (фонд) университеттеріндегі оқу ақысын да өздерінің уәкілетті кеңестері белгілейді.