«Несі сенсация?»: министр 1 миллион теңгеге сатып алынған орындық жайлы жауап берді

Министрліктің орындықтары кейінгі 9 жылда ауыстырылмаған.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бүгінгі Үкімет отырысында министрліктің неліктен 1 миллион теңгеге орындық сатып алғанын түсіндірді, – деп хабарлады halyq-uni.kz.

"Бұл жерде ненің соншалықты сенсация екенін білмеймін. Министрлік қызметкерлеріне 15 креслоны 1 миллионға сатып алдық. Орындығы бұзылғандарына алдық. Олар жай ғана ауыстырылды. Бір орындық 75 мың теңге болып шықты", – деді министр.

Оның айтуынша, министрліктің орындықтары кейінгі 9 жылда ауыстырылмаған және бұл сатып алу алдын ала жоспарланған.

«Бұл – жай ғана қажеттілік. Бұрынғысы істен шығып, алу қажет болды», –  деді Алмасадам Сәтқалиев.

фото: Асқар Ахметуллин