Таразда пәтерден өрт шығып, ломбард пен дүкенге ұласты

Өрт орнынан түтіннен улану белгісі бар пәтер иесі табылып, ауруханаға жеткізілді

Таразда 31 тамызда сағат 17.59-да бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.

Қызыл жалын одан әрі бірінші қабаттағы ломбард пен дүкеннің шатырына ұласты. Өрттің ауданы - 40 шаршы метр.

"Өрт сөндіру қызметінің күшімен өрт 18-19-да оқшауланып, сағат 18-28-де толық жойылды. Өртті сөндіру барысында баспалдақ арқылы 30 адам эвакуацияланды, оның ішінде 13 бала бар. Өрт орнынан түтіннен улану белгісі бар пәтер иесі табылып, ауруханаға жеткізілді", – Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.