"Астананың" топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды

Конференция лигасының плэй-офф кезеңінде қостанайлық "Тобыл" "Викторияға" есе жіберген.

"Астана" футбол командасының Конференция лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды, – деп хабарлады Prosports.kz.
 
Елордалық клуб турнирдің С тобына түсті. Онда "Астанадан" бөлек хорватиялық "Динамо Загреб", чехиялық "Виктория Пльзень" және косоволық "Балкани" бар.
 
Айта кетері, "Астана" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Динамодан" жеңіліп қалған еді. Ал Конференция лигасының плэй-офф кезеңінде қостанайлық "Тобыл" "Викторияға" есе жіберген.