ІІМ басшысы ауысты: Ахметжанов кетті, Сәденов келді

Ішкі істер министрлігінде ауыс-түйіс, Марат Ахметжанов қызметінен кетті, орнына Ержан Сәденов келді.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды",  – деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Онда Ержан Сапарбекұлы Сәденовтің Қазақстанның Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалғаны жазылған.