"30 градусқа дейін ысиды": алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізгі температуралық фон 22-30 градус болады.

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, артынша күн ысиды.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбырлы ауа райы сақталады.

8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын, түнде жылбысқы қар жаууы мүмкін.

«Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасы күндіз 18-25 градусқа дейін біртіндеп көтеріліп, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 13-23 градусқа дейін төмендейді. Ал еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізгі температуралық фон 22-30 градус болады», - дейді синоптиктер.

Коллаж: telegraf.com.ua