Жатақханаларға мониторинг жүргізілді

Жатақханалардың жаңа оқу жы­лына дайындығын тексеру мақ­сатында «AMANAT» партиясы «Жас­тар Рухы» жастар қанаты рес­публика бойынша ЖОО және тех­никалық, кәсіптік білім беру ме­кемелеріне қоғамдық мони­торинг жүргізіп жатыр.

«AMANAT» партиясының Мәжіліс жә­не мәслихат депутаттары жастар ұйы­мымен елордадағы Esil университеті мен Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің жатақханаларына барды.

Esil университетінің студенттер үйі 3 қа­баттан тұрады, жоба бойынша 194 орын­ға есептелген. Студенттер жатақха­на­­да тұру үшін айына 20 мың теңге тө­лей­ді.

«Қазір студенттер үйінде тұруға 200-ден астам өтінім келіп түсті. 26 тамызда жа­­­тақханада орын бөлу жөніндегі ко­мис­сияның отырысы өтті. Ал 28 тамызда сту­денттер кіріп, жайғасты.  2022-2023 оқу жылында 154 студент бол­ған. Әр бөл­ме­нің аумағы 18 шаршы метр­ді құрайды және 3 студенттен тұрады. 1-қабатта ұл­дар, 2-қабатта қыздар орна­ла­сады. Ал 3-қа­батта жоғары курстың студ­енттері жай­ғасады», – деді ЖОО рек­торы Аяп­бер­ген Таубаев.

Оның айтуынша, одан бөлек шетелдік ма­гистранттар мен докторанттар отбасы­мен тұра алатын бөлмелер де қарастырыл­ған. Айына 30 мың теңге төлейді.

Астана қаласы мәслихатының төра­ға­сы Ерлан Каналимов қазір елордадағы жатақханаларда 16 мыңға жуық орын тап­шы дейді.

«Жаңа оқу жылы басталарда қашанда уни­верситет және колледж студенттері жа­тақханаларының жағдайы алаңдатады. Сон­дықтан партия төрағасы Ерлан Қо­ша­новтың тапсырмасына сәйкес, 2 апта­дан бері барлық жергілікті мәслихат пар­тия филиалдарымен бірлесіп, оқу ме­ке­мелеріне мониторинг жүргізіп жа­тыр. Астанада 16 ЖОО, 30-дан астам кол­ледж бар. Барлығында 100 мыңнан ас­там студент оқиды. Айта кетейік, қазір қа­лада 15 800 орын жетіспейді. Тапшылық бар», – деді ол.

Депутат елорда әкімі Жеңіс Қасым­бек­тің тапсырмасы бойынша Жастар сая­саты мәселелері басқармасының жо­ба­лық кеңсе құрылғанын атап өтті. Бұл ар­қылы оқу орындары жеке инвестор­лар­ды тартып, жатақхана салуға жер алуды қолға алып отыр.

«Қазір 30 инвестордың арқасында 6 ЖОО-ға жер бөлінді. Ол жерде салынатын жатақхана 12 мың орынның тапшылығын жаб­ады. 1-1,5 жыл уақытта бітеді деп жос­­­­парлануда. Жердің жобалау жос­па­ры­на түзетулер енгізілген соң құрылысы бас­талады. Ал қазір  қолда бар жатақха­на­лардың жағдайын, жарамдылығын, қолайлығын қарап жүрміз. Нәтижесінде, тал­дау жүргізіп, қанша жатақханаға жөн­деу жұмысы, қосымша жабдықтар кере­гін білім мекемесінің басшылығына жі­бе­реміз», – деді Е.Каналимов.

Қазтұтынуодағының жоғары кол­лед­жі­нің жатақханасы 5 қабатты ғимараттың төр­тінші және бесінші қабатында орна­ласқан. Астана қаласы «Жастар рухы» жас­тар қанатының елордалық филиа­лының төрағасы Арсланбек Мағзұм атал­мыш студенттер үйінде бірқатар олқылық кездескенін айтты.

«Барлық жатақхананың жағдайы көңіл­ден шығады деп айта алмаймыз. Кем­шіліктер болса, біз оларға ескертеміз. Бір аптаның ішінде кемшіліктерді түзеуі тиіс. Бұл колледждің басшылығымен де әң­гімелестік. Ескертулермен жұмыс іс­теп, жоюуға уәде берді», – деді ол.