Бас прокуратурада босқындар мәселесі талқыланды

Бас прокуратурада БҰҰ Орталық Азия Босқындар комиссиясы жөніндегі өкілімен кездесу өтті. Бұл туралы Aikyn.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша Босқындар комиссиясы жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БКЖКБ) өкілі Ханс Шоддермен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен БКЖКБ-ның босқындардың, пана іздеушілердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылының перспективалық бағыттарын талқылады. 

Х.Шоддер ынтымақтастық деңгейіне оң баға беріп, босқындардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын атап өтті. 

Өз кезегінде, Ж.Өмірәлиев прокуратура органдарының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету, сондай-ақ қадағалау ведомствосының құқық қорғау қызметі саласындағы, оның ішінде БКЖКБ-ның назарында тұрған мәселелердегі рөлі туралы айтты. 

Кездесу соңында қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, адам құқығын қорғауда тәжірибе алмасу туралы келісті.