Үндістанның екі тұрғыны коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды The times of India, - деп жазады Tengrinews.kz. Басылымның мәліметінше, вирусты жұқтырғандардың бірі таяуда Италияда болса, екінші Дубайда болып қайтқан. Сондай-ақ, тағы бір адамның коронавирус жұқтырған болуы мүмкін екені айтылады.
Еске салайық, бүгін коронавирустың тағы бес елде анықталғаны хабарланды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда вирустың жаңа түрін жұқтыру дерегі азайып келеді, алайда басқа елдерде ҚХР-дағы жұқтыруға қарағанда 9 есе өскен. Коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі бүгін тағы бес елде тіркеліп отыр - Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунис. Ұйымдағылар Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапониядағы жағдайға алаңдаулы.