Маңғыстауда 7 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

Маңғыстау облысында 7 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп, жалақы алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Хабар 24» арнасының дерегінше, 7 мұғалім осы күнге дейін мемлекеттен алып келген қаржыны қайтаруы тиіс. Осы іс бойынша материалдар сотта қаралып жатыр.

Тағы бір мұғалімді қылмыстық жауапқа тартып, оған 70 мың теңге айыппұл салды. Биыл колледжде жалған дипломмен сабақ берген 8 оқытушы жұмыстан шығарылды. Ал былтыр осындай 14 қылмыстық іс қозғалған. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Біржан Хайруллиннің айтуынша, Облыстық білім басқармасымен бірге мұндай фактінің алдын алу үшін тұрақты жұмыс жүргізу ұсынылды. 

«2021 жылдан бастап алынған дипломдар QR-код арқылы тексеріледі. Қалғанын жұмысқа қабылдау кезінде жұмысқа қабылдаушы мекемелер тиісті оқу орнына сұраныс хат жолдау арқылы анықтайды», – деді ол. 

Бұған дейін Атырау облысында 81 мұғалім жалған дипломмен ұсталған еді. 

Фото: mail.kz