Алдағы үш күнде күн жылы болады

«Қазгидромет» 16-18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, жел екпіні күшейеді. 

Солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12, күндіз 15-23 градус жылы болады. 

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 10-15, таулы аймақтарда 0-5 градус, күндіз 20-28 градус жылы болады.