20 жастағы қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан финалға жолдама алды

Сербия астанасы Белград қаласында күрестен әлем чемпионаты өтіп жатыр.

20 жастағы қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының финалына жолдама алды. 

Балуан алғашқы айналымда Венгрия спортшысын 13:3 есебімен, 2-кезеңде түркиялық Файзолла Актүрікті 11:0 есебімен жеңді. 

Жартылай финалда Ризабек Айтмұхан грузиялық қарсыласын жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты. 

Бүгін финалда Ризабек Айтмұхан әзербайжандық Осман Нурмогамедовпен белдеседі.

Фото: www.org-тан алынды