Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының финалына өтпей қалды

Жәмила осыған дейінгі 2 дүниежүзі бәсекесінің ақтық айқасына жолдама алған.

Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатының финалына өтпей қалды.

Қазақ палуаны санаулы сәттер бұрын (72 кг) Моңғолия мықтысы Даваанасан Энх-Амаринға жол берді. Екі спортшы биыл көктемде Астанадағы Азия чемпионатының жартылай финалында күрескенде, Бақбергенованың мерейі үстем болған (11-0).

Жәмила осыған дейінгі 2 дүниежүзі бәсекесінің ақтық айқасына жолдама алған. Ұлттық құрама көшбасшысы 2019 жылы Ослодан, былтыр Белградтан күміс жүлдемен қайтты.