Офтальмологтар Алматы қаласында кездесті

Шала туған нәрестенің денсаулығын сақтап қалу маңызды.

22-23 қыркүйекте Алматыда өткен конференцияға әлемнің бірнеше елінен хирургтер  мен офтальмолог мамандар жиналды. Олар бір-біріне мерзімінен бұрын туылған нәрестелерде соқырлықты тудыратын сирек диагнозды емдеудегі ең жаңа әдістерді ұсынды.

Кездесу барысында Қазақстанның, Үндістанның және Ресейдің жетекші дәрігерлері шағын бейнекамералардан бастап арнайы мобильді қосымшаларға дейінгі өздерінің соңғы әзірлемелерімен бөлісті. Авторлар бұл жетістіктерді Қазақстанда  алғаш рет ұсынды, бірақ  дәрігерлер үнемі бір-бірімен ынтымақтаста болған. Осылайша, сезімтал науқастарға – бірнеше апталық сәбилерге операция жасауда үлкен прогреске қол жеткізілді.

 «Өзіңіз ойлап көріңізші, бүгінгі күнде елімізде жыл сайын 22 мыңнан астам шала туылған нәресте дүниеге келеді, оның 4 мыңға жуығында соқырлықтың даму қаупі жоғары. Бұл қалай болуы мүмкін? Адам енді ғана дүниеге келді, қандай соқырлық туралы айтуға болады? Дегенмен сіздерге нақты сандарды айтайын: Қазақстанда 2022 жылы ретинопатия диагнозымен жаңа туған нәрестелердің жалпы саны 1523 баланы құрады, офтальмологтер 597 ота жасады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 34%-ке жоғары», – деп, конференция қатысушыларына «Добровольное общество «Милосердие» қоғамдық қорының негізін қалаушы Аружан Саин өзекті статистиканы келтірді.

Алматыда өткен ғылыми-тәжірибелік конференция Қазақстанның медицина тарихындағы ең үлкен оқиғалардың бірі болды. Үндістаннан келген доктор Ананд Винекар бүгінде  оның елінде 3,5 миллион шала туылған нәресте бар екенін айтты. Бұл осы көрсеткіш бойынша әлемде 1-орынды алады.

 «Үндістанда ретинопатиямен ауыратын балаларды емдейтін мамандардың саны Қазақстандағы жуық. Әрбір 2-3 сағат сайын Үндістанда бір сәбиге ота қажет екенін мен нақты білемін. Скринингті кейінге қалдыруға болмайтынын балалардың ата-аналарына үнемі ескертіп отырамын! Скринингті алғаш рет 14 жыл бұрын бастадым, көзді зерттеуге арналған ретинальды камералары бұрынғыларға қарағанда жылдан-жылға жетілдіріліп жатқанына мен өте қуаныштымын. Бүгін біз әдістеріміз және тәжірибемізбен бөлісіп отырмыз. Жаңа технологиялардың көмегімен қазір дәрігер емес, медбике сәбилерді тексере алады, бұл жағдай ресурстар мен қымбат уақытымызды үнемдейді», – дейді үндістандық доктор Ананд Винекар.

Үнді дәрігерлері Қазақстанға сәбилердің көру қабілетінің ауытқуын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін авторлық құрылғыны әкелді. Бұл сезімтал камера америкалық әріптестерінікі сияқты көлемді емес және диагноз қойылғаннан кейін 24-72 сағат ішінде білікті көмек жүзеге асырылады, бұл бүкіл әлемдегі офтальмологтер арасында «алтын сағат» ережесі болып табылады.

«Ата-аналар үшін бұл медициналық атаудың астында нәрестенің көру жүйкесінің дамымауымен сипатталатын ауру жатыр. Биыл алғаш рет конференцияға ретинопатия бойынша әлемдік ауқымдағы жетекші мамандар қатысуда – бұл ғылыми-зерттеушілердің, қазақстандық офтальмологтердің ғана емес, сонымен қатар «Милосердие», «Аяла» қоғамдық қорларының өкілдерінің және барлық ата-аналардың  тәжірибе алмасуының бірегей мүмкіндігі», – деп түйіндеді балалар офтальмологы Әсел Шәріпова.

Қазір Қазақстанда қоғамдастықтың ортақ күш-жігерімен шала туылған нәрестелердің соқырлығын толық жою үшін жағдайлар жасалды. Айта кететін болсақ, біздің елімізден әлемдік медициналық қоғамдастықта осы тақырып бойынша ғылым кандидаты Әсел Шәріпованың жұмысы белгілі. Ол 2022 жылы Дүниежүзілік ретинопатия конгресінде ұсынылды, нәтижесінде 50 елдің ішінен 3-орын алды.