Рудныйда жоғалған бала іздестіріліп жатыр

Қостанай облысының Рудный қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен Тамерлан деген бала іздестіріліп жатыр.

Qostanay.TV телеарнасының мәліметінше, жоғалған бала аутизмге шалдыққан. Баланың жоғалғаны туралы ақпарат 30 қыркүйекте пайда болды.

Белгілері: бас киімі – тоқыма, жолақты, үстіндегі күртесі қара түсті, аяғында сары резеңке етік болған. Бала туралы қандай да бір дерек білетіндерге "102"нөмірі бойынша полицияға хабарласу сұралады.