Екібастұз маңында екі адам иіс тиіп қайтыс болды

Екібастұз маңында екі адам иіс тиіп қайтыс болды.

Қайғылы оқиға Төртүй ауылында болған. Ер адам түнде пеш жағып, жапқышты ашуды ұмытып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Абайсыздық қайғылы оқиғаға себеп болды. Келесі күні екі ер адам да өлі күйінде табылды.

"3 қазан күні 11.30-да ПД кезекшісінен Екібастұздағы ауылды жерде жер үйде 1959 және 1986 жылы туған екі адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті", – деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖ департаменті.

Сараптама тағайындалды. 

Болжам бойынша, өлімге газдан улану себеп болған.