Правам жоқ, енді келіншегім айдасын: Төреғали әйеліне көлік сыйлады

Төреғали Төреәлі жарына су жаңа көлік сыйлады. Әнші бұл сыйлықты тосынсый ретінде табыстаған, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Толқын менің мән берген өміріме,

Құтты болсын айтайық көлігіне.

Анамды той-думанда ап жүрсін деп

Ат мінгізіп жатырмыз келініне", – деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында. 

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына түрлі пікір қалдыруда.

"Права кетті сотталып, Қалдым енді тоқталып, Тасысын деп мені өр-қырға, Көлік алдым Толқынға, десеңші", Правам жоқ енді келіншегім айдасын де", "Қазақтың достойный келіні, әбден лайық", "Төреғали сен отырма енді көлікке, тағы құртасың", "Құтты болсын!",  – деп жазды олар.