Бүгін Петропавл қалалық сотында үкімі жарияланған қылмыстық іс материалдарында айтылғандай, ер адам 2020 жылдан бастап кәмелетке толмаған ұлы мен жас қызына қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасаған, – деп хабарлайды Петропавл.news.
"ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі, 121-бабының 3-2-бөлігі, 3-тармағы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мас күйінде қылмыс жасау ауырлататын жағдай деп танылды. Сот жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі.
Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сотталған адам тағылған айыптармен келіспейді. Жарыссөз барысында ол соттан өзін ақтауды сұрады.