Ақтауда 16 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады

Қыздың мәйітінен зорлық белгілері табылған.

Ақтау қаласында 16 жастағы қыз көпқабатты үйден құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға 10 қазанда 17-шағын аудандағы тұрғын үйлердің бірінде болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазір құқық қорғау органдары 16 жастағы қыздың өлімінің мән-жайын анықтап жатыр. Lada.kz порталының мәліметінше, "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша тергеу басталды.

Қыздың мәйітінен зорлық белгілері табылған. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.