Бірнеше тілді «мәмбеттер тілі» деген алматылық қыз тергеуге алынды (видео)

Видеодағы жазбаларда оның тікелей эфирге жиі шығып, ұлтаралық алауыздықты қоздырып отыратыны жазылған.

Желіде алматылық бойжеткеннің қазақ және қырғыз тілдерін жамандап сөйлеген видеосынан кейін сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Парақшасынан тікелей эфирге шыққан қыз өзіне қазақ тілі ұнамайтынын айтқан.

"Маған қазақ тілі мүлде ұнамайды. Шынын айтқанда, ол – «мәмбеттердің» тілі. Қазір бұл мәмбеттер ауылдардан қалаға қарай ағылып келіп жатыр, салдарынан қалада үлкен кептелістер пайда болды. Мен өзім Алматыдан боламын. Маған қазақ тілі ұнамайды. Қазақ пен қырғыздың тілі – "мәмбеттердің тілі", – дейді ол.

Ал осы видеодағы жазбаларда оның тікелей эфирге жиі шығып, ұлтаралық алауыздықты қоздырып отыратыны жазылған.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 174-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

фото: Halyq Uni