Отаншылдық рух оянбай, жақсы сарбаз болмайды

Батыс Қазақстан облысы әкім­дігінде облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың төраға­лығымен азаматтардың әскери-патриоттық сезімін ояту, әскери қыз­меттің жеңілдіктері мен артықшы­лықтарын жеткізу, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қарулы Күштерінде жұ­мыл­дыру ресурстарын цифрлық транс­формациялау тақырыбында кеңес өтті.

Отырысқа Қазақстан Қарулы күш­терінің бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаров қатысты. 

Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы өз сөзінде жастардың бойында отаншылдық рухты көтеріп алмай әскерге шақыру, әскери міндет туралы құр айту жөнсіз екенін атап өтті. 

«Жастардың бойына патриоттық сезімді да­рыту керек. Ол үшін облыстық деңгейде мақ­сатты жұмыстар жүргізілсін. Аудан әкімдері өз дең­­гей­леріңізде балабақшалардан бастап, отан­шыл­дық рухтағы тәрбие мәселесіне көңіл бө­ліңіздер. Жас­тар ел алдындағы, Отан алдындағы борышын өтеуге ерікті түрде, мақтанышпен бара­тындай дең­­­гейге жету керекпіз», – деді аймақ бас­шы­­­­сының орынбасары Бақытжан Нарымбетов. 

Ал Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары депар­таменті бастығының орынбасары Руслан Омаров болса, әскери қызметте жемқорлыққа жол бермеу мәселесі өте өзекті екендігіне тоқталды. Ол өз сө­зінде жемқорлықтың алдын алу үшін қазір цифр­­­лық жүйеге біртіндеп көшіп жатқанын атап өтті. 

«Жастардың бойына әскери-патриоттық тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Бұл жұмысқа барлық мемлекеттік органдар жұмылдырылуы тиіс. Сонда ғана біз патриот жастарды өсіре аламыз. Бүгінгі таңда әскерге баратын жастарды ҰБТ-дан босату, әскери ка­федраға оқуға қабылдау мәселелері шешілді. Әс­кери саланы цифрландыру мәселесіне қатысты да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз бүгінде барлық мемлекеттік органдардың базаларынан 18-60 жас­қа дейінгі ер азаматтарға қатысты ақпараттарды біріздендіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл бізге өзімізге қажетті ақпаратты тез табуға мүм­­кіндік береді. Әскери саланы цифрландыру жұ­мыс­тары алда да жүре береді», – деді Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаров.

Жиында бұдан бөлек, әскери саладағы жемқор­лықтың алдын алу мәселесі талқыланды. Аймақ басшысының орынбасары Бақытжан Нарымбетов «Жемқорлыққа жол бермеу үшін адами факторды азайту керек. Өкінішке қарай, бізде қорғаныс саласында әлі барлық құжат адам қолымен тол­тырылады, анықтамалардың бәрі адам қолы­мен беріледі. Біз осыны азайтып, толық цифрлық жүйеге көшуіміз керек», – деді.

БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Альберт Бекмұхановтың айтуынша, биыл күзде облыс бойынша 600-дей адам әскер қатарына шақырылады деп жоспар­ланған.  

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы