Мемлекет басшысының өкімімен Ғалымжан Қойгелдиев Қазақстан Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған құжатта.
Ал Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.