29 қазан күнгі сағат 09.00-ге келіп түскен ақпарат бойынша, Костенко шахтасында мерт болғандар саны 35-ке жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылды, олардың 29-ның мәйіті жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні іздеу жалғасуда.
“Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалы тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды.
Газ жағдайын бақылау жалғасуда”, – деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.