Екпінді жел, жаңбыр, тұман: 7 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша тұман түседі.

"Қазгидромет" синоптиктері 7 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен күн ашық болып, жауын-шашын жаумайды.

Тек еліміздің батысы мен оңтүстіктің таулы аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Қазақстан бойынша тұман түседі.