Алматыда 15 адамды алдаған алаяқ ұсталды

Күдікті жылжымайтын мүлік саласында алаяқтық жасаған.

Алматы облысында 38 жастағы тұрғынның 15 адамды алдағаны анықталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, жылжымайтын мүлік саласында алаяқтық жасады деген күдікпен 1985 жылы туған К. ұсталған.

Әйел «тұрғын үйді жалға беру» бизнесімен айналысқан, пәтер жалдаған. Меншік иелерімен келісімшарт жасалғаннан кейін пәтерді басқа адамдарға «ұзақ уақытқа» жалға берген. «Пәтер иесінің» жалғыз шарты алдын ала төлем жасау немесе тұру ақысын толық төлеу болған. Ал сомалар 150-ден 400 мың теңгеге дейін өзгеріп отырған. Жедел уәкілдер бұл қылмыстарды жасаған күдіктіні анықтады және ұстады. Бірқатар алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Қанапяев.

Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотты болғаны анықталды.