Павлодар облысында екі балықшы суға батып кетті. Олардың біреуінің мәйітін жергілікті тұрғындар судан алып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-құтқару жасағының мәліметінше, екінші балықшының денесін іздестіріліп жатыр.
"8 қараша күні Тереңкөл ауданы Қызылтан ауылының маңында Ертіс өзенінің негізгі арнасында екі балықшы суға батып кетті. Іздестіру жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 5 сүңгуірі, стационарлық эхолоты бар катер мен қайық тартылды", – делінген хабарламада.
Құтқарушыларға әкімдік, орман шаруашылығының өкілдері және жергілікті тұрғындар көмектесіп жатыр.
Фото: yvision.kz